Жаңалықтар

Целиноградта времянка өртеніп кетті

Целиноградта времянка өртеніп кетті
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 21:00 520

Ақмола облысы Целиноград ауданында времянка өртенді. Оқиға Қоянды ауылында 6 наурыз кешкі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

101 пультіне өрт туралы сағат 17-59-да хабрлама келіп түскен. Қызыл жалын времянканың 200 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген. Сонымен қатар өрт оның жанындағы шаруашылық құрылыстың шатырына өткен.

ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 19.55-де оқшауланды. Оны сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 техникасы, Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 17 құтқарушы және 4 техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға