Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматыда ірі монша кешені отқа оранды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
101 қызметіне 14 ақпан сағат 18:00-де Медеу ауданы Оспанов көшесінде орналасқан монша кешенінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дәрежедегі хабарлама бойынша жіберілді.
ТЖМ мәліметінше, жолдағы кептеліс өрт сөндірушілерге кедергі келтірген. Дегенмен соған қарамастан оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер екі ағаш үйдің жанып жатқанын, өрттің оның жанындағы ағаштан соғылған коттедждерге таралу қаупі туындағанын анықтаған.
Дереу жедел штаб ұйымдастырылып, өрт оқпандары орнатылған. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын аумағы 600-700 шаршы метрді құрайды.
Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынды оқшаулап үлгерді. Әзірге өрттің толығымен сөндірілгені туралы ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс