Жаңалықтар

Құрылысты күзететін дүңгіршек өртеніп, бір адам көз жұмды

Құрылысты күзететін дүңгіршек өртеніп, бір адам көз жұмды
Фото: © Pixabay.com 14.02.2024 10:08 309

Көкшетау қаласында құрылысты күзететін дүңгіршек өртке оранып, бір адам мерт болды деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен от тұтанған. Өрт дер кезінде сөндірілді. Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды.  Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға