Әлемдегі ең бақытты елдер рейтингі жасалды

Әлемдегі ең бақытты елдер рейтингі жасалды

Мадина Асылбекова
Фото: © pixabay.com

Финляндия, Исландия және Дания әлемдегі ең бақытты елдердің көшін бастады.

Global Citizen Solutions ұйымы жариялаған рейтингте алғашқы бес орынды түгелдей Еуропа мемлекеттері иеленген. Зерттеу нәтижесі елдің бақыт деңгейі тек халықтың тұрмыс сапасы мен табысына ғана емес, азаматтардың еркіндігіне, қауіпсіздігіне және төлқұжатының мүмкіндігіне де байланысты екенін көрсетеді.

Әлемдегі ең бақытты елдер

Global Citizen Solutions ұйымының Happy Passports Index 2026 рейтингі бойынша, алғашқы бес орынға мына мемлекеттер жайғасты:

  1. Финляндия – 7,764 балл. Рейтинг көшін бастаған ел өмір сүру сапасы бойынша жоғары баға алған. Сондай-ақ ішкі еркіндік пен халықаралық сапарға шығу мүмкіндігі жөнінен екінші орынға тұрақтаған.
  2. Исландия. Бұл мемлекет тұрғындардың ішкі еркіндігі бойынша көш бастап, әлемдегі ең бейбіт ел деп танылған. Ал төлқұжатының мүмкіндігі жағынан 20-орында тұр.
  3. Дания. Зерттеудегі төрт негізгі көрсеткіштің барлығы бойынша үздік төрттікке енген. Өмір сүру сапасы жөнінен үшінші, азаматтық еркіндік деңгейі бойынша екінші орын алған.
  4. Швейцария. Халықтың әл-ауқаты, денсаулығы мен қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша екінші орынға жайғасқан. Ал жан басына шаққандағы табыс деңгейінен үшінші сатыға көтерілген.
  5. Норвегия. Алғашқы бестікті түйіндеген.

Үздік ондыққа Швеция, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Аустрия және Сингапур да кірді. Көшбасшы он елдің екеуі ғана Еуропадан тыс орналасқандығын айта кетейік.

Оқи отырыңыз:

Рейтингтің соңында қалған елдер

Зерттеуде ең төмен көрсеткішке ие болған мемлекеттер де аталды. Соңғы бес орын мына елдерге бұйырған:

Зерттеу әлемнің алты аймағындағы 50 мемлекетті ғана қамтыған. Сондықтан Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан да бұл рейтингке енбеген.

Бақытты елдер рейтингін қалай жасады?

Happy Passports Index 2026 рейтингін Global Citizen Solutions сарапшылары әзірлеген. Зерттеу барысында елдер тұрғындарының өміріне қаншалықты көңілі толатыны ғана емес, олардың өз мемлекетінде және шетелде қаншалықты еркін өмір сүріп, мүмкіндікке қол жеткізе алатыны да ескерілген.

Рейтинг төрт негізгі көрсеткішке сүйеніп жасалған. Олардың әрқайсысының қорытынды бағадағы үлесі бірдей – 25 пайыз.

  1. Тұрғындардың әл-ауқаты. Бұл көрсеткіш бойынша адамдардың өз өміріне қаншалықты көңілі толатыны бағаланған. Сарапшылар 2026 жылғы Дүниежүзілік бақыт туралы баяндамадағы 0-ден 10-ға дейінгі бағалау шкаласын пайдаланған.
  2. Ішкі еркіндік. Азаматтардың өз бетінше шешім қабылдау, пікірін ашық айту, өмір салтын таңдау және азаматтық құқықтарын пайдалану мүмкіндігі назарға алынған.
  3. Қозғалыс еркіндігі. Бұл ретте төлқұжаттың әлеуеті, яғни азаматтардың визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алатын елдері және сол бағыттардың өмір сүруге қаншалықты қолайлы екені бағаланған.
  4. Әл-ауқат, денсаулық және қауіпсіздік. Сарапшылар жан басына шаққандағы табыс, салауатты өмір сүру ұзақтығы және елдегі бейбітшілік деңгейін есепке алған.

Бұған дейін Финляндия бойдақ шетелдіктерге тегін саяхат ұсынғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар әлемдегі ең қауіпсіз қалалар рейтингі жасалған. 

Оқи отырыңыз

{