22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің J тобындағы кезекті матчтардан кейін Қазақстан құрамасының жағдайы өзгерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан өз алаңында Солтүстік Македония құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді. Қонақтар сапынан жалғыз голды 33-минутта Александр Трайковски соқты. Осы ойынан кейін Бельгия мен Уэльс құрамаларының матчы өтті. Бұл нағыз тартысқа толы кездесу болды: бельгиялықтар алғашқы таймда-ақ 3:0 есебімен алда келе жатқан, алайда Уэльс таразы басын теңестірді. Сөйте тұра Бельгия тағы бір гол соғып, жеңісті тартып алды — 4:3. Жеңімпаздар тарапынан гол авторлары: Ромелу Лукаку (15-минут, пенальти), Юри Тилеманс (19-минут), Жереми Доку (28-минут) және Кевин Де Брюйне (88-минут). Уэльс құрамасынан Харри Уилсон (45+7, пенальти), Сорба Томас (52-минут) және Бреннан Джонсон (70-минут) мергендік танытты.
Оқи отырыңыз:
Бельгияның бұл жеңісінен кейін Қазақстан турнир кестесінде үшінші орыннан төртінші орынға сырғыды.
J тобындағы командалардың қазіргі жағдайы мынадай:
Солтүстік Македония — 8 ұпай (4 матч),
Уэльс — 7 ұпай (4 матч),
Бельгия — 4 ұпай (2 матч),
Қазақстан — 3 ұпай (3 матч),
Лихтенштейн — 0 ұпай (3 матч).
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев