Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Астанада Солтүстік Македонияға есе жіберді

09.06.2025 22:44 1765
Қазақстан құрамасы Астанада Солтүстік Македонияға есе жіберді

Астанадағы "Астана Арена" стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл қос ұжым арасындағы алғашқы ресми матч болды. Кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда, 33-минутта македониялық шабуылшы Александар Трайковски есеп ашты. Қазақстан құрамасы матч бойы белсенді ойын өрнегін көрсетіп, есепті теңестіруге тырысқанымен, соққылары нәтижесіз аяқталды.

Айта кету керек, Максим Самородовтың соққысы қарсылас қақпасының маңдайшасына тиді. Солтүстік Македонияның қақпашысы Столе Димитриевски бірнеше қауіпті шабуылды қайтарып, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңілді. Бұл нәтижеден кейін Солтүстік Македония 8 ұпаймен өз тобында көш бастаса, Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға