Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия, Бельгия және АҚШ құрамалары жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Англия – ДР Конго 2:1
Англия құрамасы ДР Конгоны 2:1 есебімен жеңіп, қиын матчта камбэк жасады. Африкалық команда кездесудің 7-минутында Брайан Сипенганың голымен алға шықты. Бірінші таймда ағылшындар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті теңестіре алмады.
Үзілістен кейін бас бапкер Томас Тухель Букайо Сака мен Энтони Гордонды ойынға қосып, шабуылды күшейтті. Бұл өзгерістер нәтижесін беріп, 75-минутта Гордонның пасынан кейін Харри Кейн баспен есепті теңестірді. Ал 86-минутта Кейн дубль авторы атанып, Англияға жеңіс сыйлады.
Енді Англия 1/8 финалда Эквадорды 2:0 есебімен жеңген Мексика құрамасымен кездеседі. Ал ДР Конго өз тарихында алғаш рет плей-оффқа шыққан әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.
Бельгия – Сенегал 3:2 (қосымша уақытта)
Бельгия құрамасы Сенегалға қарсы кездесуде ерік-жігер танытып, 0:2 есебінен кейін жеңіске жетті. Сенегал сапында Исмаила Сарр мен Хабиб Диарра алғашқы таймда екі гол соғып, командасына сенімді басымдық сыйлаған еді.
Матч соңына дейін Сенегал жеңіске жақын тұрғанымен, 86-минутта Ромелу Лукаку есеп айырмасын қысқартса, үш минуттан кейін Юри Тилеманс таразы басын теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа жеткізді.
Қосымша уақыттың соңғы секундтарында VAR қаралымынан кейін Бельгияның пайдасына пенальти белгіленді. 120+5-минутта Тилеманс 11 метрлік соққыны дәл орындап, командасын 1/8 финалға шығарды.
Бұл гол әлем чемпионаттары тарихындағы ең кеш соғылған гол ретінде рекорд орнатты. Тилеманс пенальтиді матчтың 124 минут 43 секундында орындап, бұған дейінгі рекордты жаңартты.
АҚШ – Босния және Герцеговина 2:0
Турнир қожайындарының бірі АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.
Матчтың алғашқы минуттарында босниялықтар бірнеше қауіпті мүмкіндікке ие болғанымен, америкалық қақпашы Мэтт Фрис сенімді ойнады. Бірінші таймның соңында Фоларин Балоган есеп ашып, АҚШ-ты алға шығарды.
Екінші таймда Балоган қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғанына қарамастан, америкалықтар қорғаныста сауатты ойнап, 82-минутта Малик Тилльман екінші голды соқты. АҚШ енді ширек финал жолдамасы үшін Бельгия құрамасымен кездеседі.
Бұған дейін Норвегия, Франция және Мексика 1/8 финалға жолдама алған еді.
Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайКеше, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?Кеше, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат