Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы тұрғыны тиімді инвестицияға сеніп, алаяққа 83 миллион теңге берген. Көп ұзамай күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші таныс әйелге қомақты қаржысын инвестицияны көбейту үшін бергені белгілі болды. Күдікті таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтқан. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салымдар қажет болмаған.
Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол - Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды, - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Полицейлердің пікірінше, алаяққа алданғандардың саны әлі де көп болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді