Жаңалықтар

БҚО-да колледж студенттері ақша бопсалап, алаяқтықпен айналысқан

БҚО-да колледж студенттері ақша бопсалап, алаяқтықпен айналысқан
Фото: Видеодан кадр 15.02.2024 20:15 484

Батыс Қазақстан облысында колледж студенттерінен құрылған қылмыстық топ ұсталды. Олар бірнеше қылмыстық әрекет бойынша күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің мәлімеінше, жас жігіттер Орал қаласындағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттеріне алаяқтық әрекеттер жасап, тонау және ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Колледжде оқитын 4 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от PoliceWestKZ (@policebqo)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға