Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық танымал актер Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова «Қызықты weekend» бағдарламасына берген сұхбатында тұңғыш ұлының есімі қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семейдегі орталық мешітте имам болып істейтін атам бірінші ұлыма аяғым ауыр кезде «ұл бала дүниеге келеді, оған «Нұрмұхамед» деген есім беріңдер» деп айтқан еді. Баламыз туғанда Нұрмұхамедтің әжесі оған «Дінасыл» деген есім қойған болатын. Кейін ұлымыз 3 жасында ауырып қалды. Сөйтіп, мен астрологқа барғанда ол «бұл оның есімі емес» деген ақпарат айтты, - деді актриса.
Оқи отырыңыз:
Жанаргүл Жаныаманова астрологқа бірнеше есім ұсынған.
Астролог тек «Нұрмұхамед» деген атты естігенде ғана «иә, осы есім баланыкі» деді. Сөйтіп біз қайта азан шақырып, есім қойдық. Құжаттарының бәрін ауыстырдық, - деді ол.
Бүгінде жұлдызды отбасы үш ұл тәрбиелеп отыр. Балаларының есімін актер Рүстем Жаныамановтың өзі қойған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?