Жаңалықтар

Астанада Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтеді

Астанада Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған  кеш өтеді
Фото: adebiportal.kz 05.02.2024 12:00 808

Елордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 16 ақпан күні «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен Қазақконцертте қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қысқа ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырған ақынның шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған әдеби-музыкалық кеште көрермен назарына Мұқағали Мақатаевтың халық арасында кеңінен таралған шығармалары ұсынылады.

Оқи отырыңыз:

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева,  Нұрболат Арзамасұлы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, Қайрат Айтбаев, Дінисламбек Жайлаубай, Перизат Тұрарова сынды айтулы өнер майталмандары мен талантты жас өнерпаздар және «Saz&Soul» тобы, «ГҮЛДЕР» ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетеді.

Кеш қонақтары – Жанқалдыбек Төленбаев, Серікзат Дүйсенғазы, жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға