Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жасанды интеллект негізінде жасалған виртуалды актриса Тилли Норвуд алғаш рет толықметражды фильмде басты рөлді сомдайды. Misaligned деп аталатын фильмді Ұлыбританияның Particle 6 студиясы түсіріп жатыр. Бұл жоба кино өндірісінде AI басты кейіпкер ретінде қатысатын алғашқы толықметражды туындылардың бірі саналады.
Фильмнің сюжеті
Бұл туралы Deadline басылымы жазды. Фильм оқиғасы «Tillyverse» деп аталатын цифрлық әлемде өрбиді. Тиллидің шынайы денесі де, балалық шағы да жоқ. Алайда ол адамзаттың бүкіл біліміне, естеліктеріне және тәжірибесіне қол жеткізе алады. Бір күні қараңғы интернеттен келген құпия бот оны өзіне қойылған қауіпсіздік шектеулерінен бас тартуға үгіттейді. Осыдан кейін Тиллидің бойында адамдарға тән сезімдер, армандар мен амбициялар пайда бола бастайды.
Фильм көтеретін тақырыптар
Авторлардың айтуынша, фильм комедия мен драманы ұштастыра отырып, «жасанды интеллект адамға қаншалықты ұқсай алады?» деген сұраққа жауап іздейді. Сонымен қатар туындыда жеке тұлға, эмоция, ар-ұят және технологияның қоғамға ықпалы сияқты маңызды тақырыптар қозғалады.
Жобаның тағы бір ерекшелігі – фильмді жасауға дәстүрлі кино мамандары мен жасанды интеллект технологияларын меңгерген инженерлер бірлесіп қатысады. Particle 6 студиясы осы уақытқа дейін ондаған режиссерді, сценаристі, актерді және монтажшыны AI құралдарымен жұмыс істеуге қайта оқытқан.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары жасанды интеллект кино өндірісінде көмекші құрал ғана емес, шығармашылық процестің толыққанды қатысушысына айналуы мүмкін. Ал Тилли Норвудтың басты рөлге шығуы кино индустриясының жаңа дәуірге аяқ басқанын көрсететін маңызды оқиға ретінде бағалануда.
Біз бұған дейін Америкалық киноакадемия «Оскар» сыйлығының ережелерін жаңартып, басты талап ретінде адам шығармашылығын қорғауды таңдағанын жазғанбыз. Жаңа талапқа сәйкес, актерлік номинацияларға тек нақты адамдар сомдаған рөлдер қатыса алады.
Кеше, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Кеше, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?