Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов үкіммен келіспейтінін, оның заңсыз екенін айтып, өзгертілуі тиіс екеніне тоқталды.
106 - бап-абайсызда адам өлтіру, өзгертілген бапқа сәйкес жазаны төмендету керек деп есептеймін. Ал Азаптау бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс басқа құрамда жаңа қарауға жіберілуі керек деп санаймын. Үкімді өзгерту әбден мүмкін нәрсе. Себебі бірінші сатыдағы сотта заңбұзушылықтар болды, - дейді Ерлан Ғазымжанов.
Ол үкімнің күшін жою керек екенін алға тартты. Қорғаушының айтуынша, бірінші сатыдағы сот процедуралық бұзушылықтарға жол берді.
Мен бірінші сатыдағы соттың 20 заң бұзушылық түрін анықтадым. Қорғаушы тарап тым ұзақ сөйлеуге мәжбүр, себебі сот отырысында сотта көп нәрсе жиналды, - деді Ерлан Ғазымжанов.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған.
Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?