Жаңалықтар

Аманжол Әлтаев Қырғызстан президентінен сәйгүлік сыйға алған Біржан Қалдыбаевқа шүйлікті

Аманжол Әлтаев Қырғызстан президентінен сәйгүлік сыйға алған Біржан Қалдыбаевқа шүйлікті
Фото: Видеодан кадр 23.08.2023 10:48 1569

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сәйгүлік сыйға тартқан қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев сынға ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің танымал айтыс ақыны, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай қазақта Біржан Қалдыбаев дейтін ақын жоқ деп отыр. Алдымен қырғыз елінің ниетіне алғысын жеткізген Әлтаев кім көрінгенді қазақ елінің ақыны деп айтудың қажеті жоқ екендігін тілге тиек етті. Себебі мұндай әрекет халқымыздың бекзат өнеріне нұқсан келтіреді деп санайды ол.

Оқи отырыңыз:

Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ.

Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде қырғыз бауырлар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біз ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз, - деді Аманжол Әлтай.

Сонымен қатар Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары Біржан халықтан кешірім сұрауы керектігін де еске салды.

Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткен соң халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын, - деп жазды ол.

Айта кетейік, 13 тамызда Біржан Қалдыбаев Шолпан Атада көкбөріден өткен әлем чемпионатының ашылу салтанатында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жайлы ән шырқаған. Өнеріне риза болған қырғыз елінің басшысы оған ат мінгізген болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға