Жаңалықтар

Қырғызстан президенті қазақ ақынына сәйгүлік сыйлады

Қырғызстан президенті қазақ ақынына сәйгүлік сыйлады
Фото: Видеодан алынған кадр 21.08.2023 09:42 917

Қырғызстан президенті әкімшілігі 13 тамыз күні көкбөріден Әлем кубогының ашылу салтанатында ел президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын хабарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа сәйгүлік сыйға тарту етілгенін мәлімдеді.

20 тамызда президент істері басқармасының басшысы Каныбек Тумонбаев Садыр Жапаровтың сыйлығын иесіне тапсырған.

Белгілі болғандай, 13 тамызда Қалдыбаев Шолпан Атада өткен әлем чемпионатының ашылу салтанатында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жайлы ән шырқаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға