Жаңалықтар

Алқабилердің қатысуымен өтетін Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі

Алқабилердің қатысуымен өтетін Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі
Фото: Астана қалалық соты 26.03.2024 20:02 473

Азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді деп айып тағылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы ертең 27 наурызда алқабилердің қатысуымен өтеді. Сот процесі онлайн режимде көрсетілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды,-делінген ҚР Жоғарғы соттың мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға