Жаңалықтар

«Телефон қоңырауларын бақылаған». Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев туралы мәлімдеме жасады

«Телефон қоңырауларын бақылаған». Мемлекеттік айыптаушы  Бишімбаев туралы мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz 11.03.2024 16:05 1031

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.

Сот барысында Прокурор бірнеше мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша:

– Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген.

- Бишімбаев әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржылай өзіне тәуелді еткен.

- Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық күш қолданған.

– 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына бұл туралы айтқан. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген.

– 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге үгіттейді. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастыра берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға