Жаңалықтар

Алматының түтінге тұншыққан көрінісі желіде қызу талқыға түсті

Алматының түтінге тұншыққан көрінісі желіде қызу талқыға түсті
Фото: © Unplash 26.02.2024 13:33 628

Әлеуметтік желіде Алматының ауасы ластанып жатқаны көрсетілген таймплапс түріндегі видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан Алматыдағы зауыт пен ЖЭО-нан шыққан қою қара түтіннің ауаға таралып, қаланың атмосферасын қаншалықты ластап жатқанын көруге болады. 

Желі қолданушылары Алматының ауасы у-ға айналғанын айтып, шағымданып жатыр. Олар ауаны ластайтын зауыт-фабрикалар мен ЖЭО-лар арнайы сүзгі орнатпағанына наразылығын білдіріп жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда дүниежүзіндегі адамдардың 90% астамы ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған рұқсат етілген шектен асатын ауамен тыныс алады. «Экономикалық зерттеулер институтының» маманы Алтынгуль Утебаева ауа ластануынан халық қандай зардап шегетінін талдап берген еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от The Village Казахстан (@villagekazakhstan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға