Жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты төтеншеліктерге қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты төтеншеліктерге қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 29.01.2024 23:00 489

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бөлімшелерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, министр аппараттық кеңес кезінде сейсмикалық құбылыстарға дайындық, оларға ден қою бойынша ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жұмысындағы олқылықтар туралы сын айтты. Ол ведомстволық бағынысты ұйымдардың осы бағыттағы жеткіліксіз орындаушылығы мен әлсіз жұмысын да атап өтті. Мәселен, ТЖМ басшысының шағымдары азаматтарды хабардар ету, ақпараттандыру және оқыту жөніндегі қызметке қатысты болды.

Оқи отырыңыз: 

Министр осы бағыттарда жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды түсіндіру бойынша халықпен жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Сырым Шәріпханов еліміздің барлық өңірлерінде бар хабарландыру жүйесін іске қосу алгоритмін жетілдіруді тапсырды.

Азаматтарды сейсмикалық жаттығуларға тартудың жаңа шараларын талдап, қолдану қажет. Оқыту сабақтың жаңа әдістерін қолдана отырып, шынайы жағдайға жақын жүргізілуі керек. Ескерту мен оқыту сапалы әрі мақсатты болуы қажет, - деді Сырым Шәріпханов.

Бұдан өзге министр Ұлттық ядролық орталық, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлерінің қатысуымен ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының базасында сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды.

Сонымен қатар ықтимал сейсмикалық құбылыстар аймағындағы жұмысты ескере отырып, барлық құтқару бөлімшелерінің іс-қимыл алгоритмін пысықтау тапсырылды. Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға