Жаңалықтар

Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасы қирағаны рас па?

Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасы қирағаны рас па?
Фото: Әлеуметтік желі 23.01.2024 02:46 7412

Әлеуметтік желіде жер сілкінісінен ғимаратқа қатты зақым келгені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚазҰУ-дың №6 және 8 жатақханасының қирауы және құрбандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құрбан болғандар жоқ мен ғимарат қирамаған, - деп жазылған Алматы әкімдігі хабарламасында.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.

Зардап шеккендер жоқ, азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға