Жаңалықтар

Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр

Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 23.01.2024 02:00 1117

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі қосылған. Қаланың полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеуде.

Барлық мектеп мен балабақша ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істеп тұр.

Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Айта кетейік, Алматы қаласында жер сілкінісіне байланысты 87272782083 және 87272782084 нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға