Жаңалықтар

Алматыдағы мешіттерде жер сілкінісінен кейін құрбандық шалынды

Алматыдағы  мешіттерде жер сілкінісінен кейін құрбандық шалынды
Фото: azan.kz 24.01.2024 02:07 634

Алматыдағы жер сілкінісінен мешіттерде құрбандық шалынды. Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Оспан Facebook парақшасында жазды, деп хабалайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дін өкілінің жазуынша, Алматы Орталық мешітінен бастап, қаладағы аудандық мешіттерде жер сілкінісіне байланысты құрбандық шалынған. Атап айтқанда Медеу, Әуезов, Түрксіб аудандары мен Наурызбай, Бостандық, Жетісу, Алатау, Алмалы аудандарындағы орталық мешіттерінде құрбандық малы шалынып, мешітке жиналған жамағатпен бірге зілзала мен табиғи апаттардан сақтану үшін дұғалар оқылып жатыр.

Кеше түндегі жер сілкінісінен үрейленіп, үйлерін тастап көшеге шыққан қала тұрғындарына қаладағы барлық мешіттер есіктерін ашып, жұртшылықты паналатты деп жазды қаланың бас имамы.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға