Жаңалықтар

Алматыдағы зілзала: Зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмекті алып жатыр

Алматыдағы зілзала: Зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмекті алып жатыр
Фото: © El.kz 23.01.2024 21:20 534

Алматы әкімдігі жер сілкінісінен зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатқанын мәлімдеді. Зілзаладан зардап шеккендердің арасында 6 және 7 айлық сәбилер бар. Олардың бірі жер сілкінгенде бесіктен құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала. 8 адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала). Қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

3 ересек науқас қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 2 науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.

Оқи отырыңыз: 

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар. Барлығының жарақаты үйде құлау салдарынан болған. Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға