Жаңалықтар

Алматыда Түркияның 100 жылдығына орай Ататүрік ескерткіші ашылды

Алматыда Түркияның 100 жылдығына орай Ататүрік ескерткіші ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 26.01.2024 11:20 630

Алматыда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай түрік мемлекетінің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің салтанатты ашылу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу қатысты. Ол Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын білдірді.

Алматының төрінде бүкіл қазақ-түрік жұрты үшін үлкен рухани маңызы бар тарихи сәтте бас қосып отырмыз. Мұстафа Кемал Ататүрік бір халықтың ұлы болса да, көп халықтың тағдырына өшпес із қалдырған әлемдік тұлға. Бойында ұлттық рухпен бірге өркениеттің тұтас құндылығын, дәстүрмен бірге мәдениеттің жауһар үлгісін, заманынан озық ілім-білімін жиған ерекше тұлға. Ол жүзеге асырған мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларымен заманауи қоғамның құрылуына баға жетпес үлес қосты, - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ саябаққа түрік көшбасшысының есімі берілгенін атап өтті.

Сондықтан Ататүрік бауырлас түрік еліне ғана емес, жақсы жанды жар сала үлгі етіп, ұрпағына өнеге қылатын біздің елімізге де етене жақын да жарқын тұлға. 2023 жылы дәл осы саябаққа түрік халқының көрнекті көшбасшысының есімі берілді. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай бауырлас елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші қойылды, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, қоғам және мемлекет қайраткері, бір кездері Алматы қаласының әкімі болған Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қай жерде орнатылатыны белгілі болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға