Жаңалықтар

Алматыда тағы да өрт: Көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды

Алматыда тағы да өрт: Көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 07.03.2024 00:00 721

Алматыда 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірішулер қызыл жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігіндегілердің мәліметінше, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз сағат 22:44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған.

Төтеншеліктер 7-ші қабатта орналасқан пәтерде  үй заттарының жанып жатқанын анықтаған. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. Қызыл жалын аумағы - 40 шаршы метр.

Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады.

Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға