Жаңалықтар

Әлихан Смайылов ҚР ТЖМ-нің жаңа басшысын таныстырды

Әлихан Смайылов ҚР ТЖМ-нің жаңа басшысын таныстырды
Фото: primeminister.kz 10.06.2023 20:28 666

Премьер-министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы Сырым Шәріпхановты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды.

Сонымен қатар премьер-министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.

Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты, — деді Әлихан Смайылов.

Бүгін Президент Жарлығымен еліміздіздің төтенше жағдайлар министрі болып Сырым Шәріпханов тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Юрий Ильин қызметінен кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға