Жаңалықтар

Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетті

Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетті
Фото: El.kz 10.06.2023 12:20 656

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Президент Жарлығында. 

Бірнеше күннен бері Абай облысында орманды алқап жанып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға өңірдің төтенше жағдайлар қызметімен бірге Алматы және Қарағанды облысынан әскери күш жұмылдырылды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға