Жаңалықтар

Президент Жарлығымен Төтенше жағдайлар министр тағайындалды

Президент Жарлығымен Төтенше жағдайлар министр тағайындалды
Фото: akorda.kz 10.06.2023 15:57 745

Бүгін Президент Жарлығымен еліміздіздің Төтенше жағдайлар министрі болып Сырым Шәріпханов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабаралуынша,  Сырым Дүйсенғазыұлы бұған дейін Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Жарлықта. 

Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісі Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпхановтың кандидатурасына келісім берді. 

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың кандидатурасы қолдап, келісті. 

Сырым Шәріпханов  1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор. Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы. 2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы қызметін атқарды. 

Ал 2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы лауазымында болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға