Жаңалықтар

Әлемнің тағы 9 қаласында дауыс беру басталды

Әлемнің тағы 9 қаласында дауыс беру басталды
Фото: СІМ баспасөз қызметі 19.03.2023 06:51 917

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ сілтеме жасап.

Сонымен қатар Джакарта, Бангкок мен Ханой қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға