Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді
Фото: СІМ баспасөз қызметі
Фото: СІМ баспасөз қызметі
19.03.2023 06:44
654
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруді алғашқылардың бірі болып бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ сілтеме жасап.
Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.
Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін! - деді Е.Асанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға