Жаңалықтар

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly 23.11.2023 11:43 1314

WBC нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) Showtime-ға берген сұхбатында осы дивизиондағы WBO және IBF белбеулерінің иесі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) кездесуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 қарашада Джермалл араға екі жыл салып шаршы алаңға оралады. Ол отандасы Хосе Бенавидес (28-2-1, 19 КО) кішімен өзара кім мықтыны анықтайды.

– Джермалл Чарлоның хит-парақшасында кімдер бар?
– Атағы бар кез келген боксшы. Негізі Жәнібекпен бокстасқым келеді. Сонан соң «абсолютке» таласушы едім, - деді Чарло.

Жәнібектің жауабы да көп күттірген жоқ, ол өз парақшасында америкалықты нокаутқа еш қиындықсыз түсіретінін жазды:

Чарло? Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе ала ма деген сұрақ туындамайды. Көптің көкейінде тек «Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?» деген сұрақ қана болады. Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді. Ірі сөз. Ірі іс, - деді Әлімханұлы. 

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьериді жеңген болатын. Сол үшін 1,5 млн доллар табыс тапқаны да айтылған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға