Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы қанша табыс тапқаны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы қанша табыс тапқаны белгілі болды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly 17.10.2023 11:29 1026

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының германиялық Винченцо Гуальтьеримен болған айқаста қанша сыйақы алғаны айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, «Қазақ стилінің» сыйақысы 400 мың долларды құрайды, ал егер ақылы трансляциялар құны 500 мың доллардан асса, Жәнібек 1,5 миллион доллар табыс табады.

Дегенмен бұл ресми сан емес, себебі ұйымдастырушылар да, жергілікті спорттық комиссия да боксшылардың шынайы сыйақысының көлемін жариялаған жоқ.

Бұған дейін тілші Дэн Рафаэль Әлімханұлымен айқаста Гуальтьери 750 мың доллар табады дегенді мәлімдеген. Ал өзге дереккөздер немістің сыйқасы бір миллион долларға жетуі мүмкіндігі айтылған. 

Айта кетейік, Жәнібек АҚШ-та өткен айқаста қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, екі белбеуге иелік етті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға