Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары кімдер

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары кімдер
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 13.05.2023 02:05 1189

Ташкентте өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының финалындағы қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Финалға бес қазақ боксшы шыққан болатын

Қазақстан боксшыларының финалдағы қарсыластары:

48 келі:

Санжар Тәшкенбай - Сахил Аллахвердови (Грузия);

54 келі:

Махмұд Сабырхан - Ойбек Жураев (Өзбекстан)

67 келі:

Дулат Бекбауов - Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

71 келі:

Асланбек Шымбергенов - Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)

80 келі:

Нұрбек Оралбай - Таңатхан Тоқтарбек (Қытай).

Финал 13-14 мамыр күндері өтеді.

Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға