Жаңалықтар

Әлем чемпионатының финалында бес боксшымыз өнер көрсетеді

Әлем чемпионатының финалында бес боксшымыз өнер көрсетеді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 12.05.2023 22:22 868

Нұрбек Оралбай Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша бес қазақ боксшысы финалда өнер көрсетеді.

80 келідегі Нұрбек Оралбай жартылай финалда Ресей боксшысы Имам Хатаевтан басым түсті. Отандасымыз финалда Қытай құрамасының мүшесі қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырық түйістіреді.

Бұған дейін төрт қазақ боксшысы финалға шыққан: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға