Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы екінші кездесуінде жеңілді

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы екінші кездесуінде жеңілді
Фото: ҚР ҰОК 03.05.2023 17:28 1183

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстаннан Талғат Сырымбетов жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Талғат 1/16 финалда Азия чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехке есе жіберді.

Талғат бұл айқаста барын салды. Үш раунд бойы қарсыласына шабуылдаумен болды. Алғашқы кезеңде иорданиялық басым түскенімен, екінші кезеңде жерлесіміз есепті теңестірді. Ал үшінші раундта төрешілер Азия чемпионы басым болды деп шешті.

Бұған дейін Талғат алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен. Сонымен қатар Сағындық Тоғамбай (86 келі) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді техникалық нокаутпен ұтса, Санатәлі Төлтаев израильдік Ахмад Штивиден басым түсті. Айбек Оралбай (92 келі) да қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге өткен болатын. 

Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті. 

Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға