Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев төрешілер шешімімен жеңді

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев төрешілер шешімімен жеңді
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 03.05.2023 00:13 1168

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев та жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 63,5 келіге дейінгі салмақта израильдік Ахмад Штивимен жолықты. Жерлесімізге бұл жекпе-жек оңай соққан жоқ. Төрешілердің шешімен келесі кезеңге өтті. 

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай (86 келі) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Ал жарыстың алғашқы күнінде Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жеткен. 

Еске салып өтсек, әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті. 

Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға