Жаңалықтар

Актриса Жанаргүл Жаныаманова астрологтың айтуымен ұлының есімін өзгерткен

Актриса Жанаргүл Жаныаманова астрологтың айтуымен ұлының есімін өзгерткен
Фото: instagram.com/zhanargul_zhanyamanova 05.02.2024 16:00 961

Қазақстандық танымал актер Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова «Қызықты weekend» бағдарламасына берген сұхбатында тұңғыш ұлының есімі қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Семейдегі орталық мешітте имам болып істейтін атам бірінші ұлыма аяғым ауыр кезде «ұл бала дүниеге келеді, оған «Нұрмұхамед» деген есім беріңдер» деп айтқан еді. Баламыз туғанда Нұрмұхамедтің әжесі оған «Дінасыл» деген есім қойған болатын. Кейін ұлымыз 3 жасында ауырып қалды. Сөйтіп, мен астрологқа барғанда ол «бұл оның есімі емес» деген ақпарат айтты, - деді актриса.

Оқи отырыңыз:

Жанаргүл Жаныаманова астрологқа бірнеше есім ұсынған.

Астролог тек «Нұрмұхамед» деген атты естігенде ғана «иә, осы есім баланыкі» деді. Сөйтіп біз қайта азан шақырып, есім қойдық. Құжаттарының бәрін ауыстырдық, - деді ол.

Бүгінде жұлдызды отбасы үш ұл тәрбиелеп отыр. Балаларының есімін актер Рүстем Жаныамановтың өзі қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға