Жаңалықтар

2022 жылы елімізде машина жасауға 500 млн доллар инвестиция тартылған

2022 жылы елімізде машина жасауға 500 млн доллар инвестиция тартылған
Фото: © iStock 01.08.2023 10:53 1042

Бүгінгі таңда экономика құрылымында машина жасау саласының үлесі 1,5%, ал өңдеуші өнеркәсіпте 13% құрайды. Салада қазіргі уақытта 3 мың 800 кәсіпорын қызмет етуде, жұмыспен қамтылғандардың саны 118 мыңнан астам адамды құрап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ИИДМ басшысы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасауға шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция тартылып, бұл рекордтық көрсеткіш екенін мәлім етті.

Оқи отырыңыз:

Салыстырмалы түрде кейінгі 5 жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіптің орташа өсу қарқыны 4,5% болса, ал машина жасаудың өсу қарқыны 17,6% құрап отыр. Бұл үрдіс ағымдағы жылы да байқалады, 6 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 128,8% құрады, 1 трлн 800 млрд теңге сомасына өнім шығарылды, – деді ол.

2030 жылға дейін теміржол машина жасаудың барлық бағыттары бойынша жергілікті қамту ұлғайтылмақ. Болат дайындамаларын өндіру бойынша ірі жобаларды іске асыру машина жасаушыларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өндірісте ресейлік дайындама пайдаланылады. Іске қосылатын жобаларда отандық өндіріс қазақстандық болат негізінде қалыптасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға