Жаңалықтар

Астаналық студенттер бес жұлдызды қонақүйде оқиды

Астаналық студенттер бес жұлдызды қонақүйде оқиды
Фото: ramada-plaza-astana-hotel 01.08.2023 10:20 893

Астанадағы алғашқы бес жұлдызды қонақүй ғимаратының иесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді бұл нысанда оқу аудиториялары болады. Бұрынғы қонақүй Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Оқи отырыңыз:

25 жыл бұрын есігін айқара ашқан қонақүйдің атауы «Интерконтиненталь» болған. Бұл жер түрлі мемлекет басшылары мен дипломаттар, өзге де беделді қонақтар тоқтайтын орын болатын.

Арада біраз жыл өткенде оның атауы «Рамада Плаза» болып өзгеріп, 2018 жылға дейін жұмыс істеді.

Ал пандемия кезінде қонақүй ауруханаға айналды. Енді бұл жерде студенттер білім нәрімен сусындайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға