Жаңалықтар

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

Медицина саласындағы үздік жаңалықтар
29.02.2016 06:57 6516

Өткен жыл медицина саласының мамандары үшін табысты жыл болды. Бұрын-соңды адам баласының түсіне кірмеген ғылыми жаңалықтар ашылып, жақын арада қолданысқа енетін пайдалы дәрілер жарыққа шықты.

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

Назарларыңызға 2015 жылы медицина саласында ашылған ең үздік 5 жаңалықты ұсынамыз:

Теиксобактин

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамзат постантибиотикалық дәуірге өтудің сәл-ақ алдында тұрғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Өйткені, ғылым мен медицинада антибиотиктердің жаңа түрлерін ойлап табу процесі 1987 жылдан бері тұралап қалған еді. Одан бері түсініксіз ауру түрлері де күрт өсті. Қазір қолданыста бар дәрі-дәрмектің қауқары жетпейтін кеселдің көбеюі шын мәнінде ғаламдық проблемаға айналып отыр. Дегенмен, өткен жылы ғалымдар микробқа қарсы дәрілер мен антибиотиктердің жаңа класын ашты. Оның ішінде микробтардың жасуша шығаратын қасиетін жоятын теиксобактин де бар. Яғни, дәл осы дәрінің күшіне микробтар төтеп бере алмайды, көбейе алмайды. Теиксобактин қазірдің өзінде стафилококк (ірің туғызатын бактерия) және туберкулез бактерияларына қарсы емде сәтті қолданылып жүр.

Бұл дәрінің зертханалық тәжірибелері алғашында тышқандарға жасалған. Олардың басым бөлігінде теиксобактиннің пайдалы дәрі екені анықталды. Ал, адамдарға жасалатын тәжірибелер 2017 жылға жоспарланып отыр.

Су жаңа дауыс желбезегі

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

2015 жылы жасанды жолмен жасалған ағзалардың қатары толықты. Висконсин университетінің дәрігерлері биоинженерлік жолмен тін ойлап тапты. Олар дауыс желбезегінің шырышты қабығына ұқсайтын тін жасап шығарды. Екі желбезектің ортасында орналасқан тін адамның сөйлеуіне мүмкіндік береді. Жаңа желбезек жасауға кеткен донор жасушалар 5 емделушіден ерікті түрде алынған. Ғалымдар тінді зертхана жағдайында 2 апта ішінде өсіріп шыққан екен.

3D басылған кеуде жасушасы

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

2015 жылы Испаниядағы Саламанка госпиталінің дәрігерлері тұңғыш рет науқастың кеуде жасушасын жаңа 3D басылған протезге ауыстырды. Емделуші саркоманың (ағза жасушаларында өсетін қатерлі ісік) сирек түрімен ауырған екен. Ісік ағзаға толықтай жайылып кетпес үшін дәрігерлер науқастың кеуде сүйегін түгелдей алып тастап, орнына титан имплант салуға мәжбүр болған.

Ғалымдар жаңа титан кеуде жасушасын үш мәрте өткізілген нақты томографиядан кейін ғана жасап шығарыпты. Бұл процесс құны 1,3 миллион доллар болатын  Arcam принтер арқылы жүзеге асқан.

Қатерлі ісікке қарсы дәрінің сан қыры

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

Тасигна (немесе нилотиниб) - ақ қан ауруына шалдыққан жандарға берілетін дәрі.  Жақында Джорджтаун университетінің медициналық орталығы жүргізген зерттеу Тасигна дәрісінің Паркинсон ауруымен ауыратын жандарға да пайдалы екендігін анықтады. Олар нилотинибті алты ай көлемінде 12 емделушіге беріп отырған. Нәтижесінде, 10 науқастың денсаулығы айтарлықтай жақсарған. Бірақ, бұл -арнайы бақылаусыз өткізілген тәжірибе. Сондықтан, Тасигнаны Паркинсон ауруына қарсы қолданбас бұрын әлі бірнеше ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.

Тері жасушасын ми жасушасына ауыстырды

2015 жылы дәрігерлер қандай жаңалық ашты?

Калифорниялық Солк институтының ғалымдары өткен жылы адамның тері жасушаларын ми жасушаларына ауыстырудың әдісін ойлап тапты. Сондай-ақ, олар аталған жасушаларды ескі ми жасушаларына ауыстырудың да жолын анықтады. Бұл Альцгеймер және Паркинсон ауруларын зерттеуді жеңілдетеді. Бұған дейін мұндай зерттеулер үшін тек жануарлардың ми жасушалары қолданылып келді.

Мамандар ми жасушаларын жасанды түрде жасай бастағаннан-ақ, нейрон құрастыруды қолға алды. Пайда болған жасушалар адам миының жұмысын азғантай көлемде атқарса да, ғалымдарға зерттеу барысында көмекші құрал болады. Сонымен қатар, дәл осы жасушаларды пайдалана отырып, аутизм, шизофрения, депрессия сияқты ауруларға қарсы ем ойластыруға болады.


     Аударған Жансая Төлеген

Деректер   hi-news.ru сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға