«Әскери барлаудың қаһармандары» деректі фильмі
«Нұр Отан» партиясы мен Еуразиялық Топтың шығармашылық ұжымы (ERG) бірлесе жасаған жобаның шеңберінде «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» антологиясы жарық көрген болатын. Аталмыш жоба аясында түсірілген 70 қысқаметражды деректі фильмдердің бірі – «Әскери барлаудың қаһармандары» фильмі.
Бұл деректі фильмде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы әскери барлаудың рөлі мен маңызы туралы айтылады. Соғыс жылдарындағы майдан даласындағы барлаушылар қызметін Днепр үшін шайқастың мысалынан көруге болады.
Мысалы, Бейсен Оңтаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық барлаушылардың бірі. 1943 жылы жол барлауындағы взводының қатардағы солдаты Оңтаев десантшылар тобының қатарына алғашқылардың бірі болып Днепрден тездетіп өтуге қатысты. Зеңбірек оғының жауғанына қарамастан дұшпанның траншеясына басып кіріп, жаумен қоян-қолтық ұрысты.
Сондай-ақ Б.Оңтаевпен бірге барлаушылар тобында барлауы Жолдас Сүлейменов та қызмет етті. 1943 жылдың қарашасында 120-шы гвардиялық полкінің алдында жаужүрек жауынгердің кейдесіне Кеңес Одағының Маршалы Роккосовский өз қолымен «Алтын Жұлдыз» орденін тақты. Ол Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Қазақстандық барлаушылардың ерлігі Екінші дүниежүзілік соғыстың жылнамасына мәңгі жазылып қалды.
«Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен «Ардагерледі ардақтайық» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар мен дыбыс мемлекеттік орталық мұрағатының қатысуымен «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» антологиясы жасалғанын еске сала кетейік.
Бейнеантология 70 қысқаметражды деректі фильмдерден тұрады. Аталмыш туындылар 6 мамыр күні «Астана» телеарнасы мен http://kaharman.kz сайтында таныстырылған болатын.
Жобаның бірегейлігі тұңғыш рет барлық батыр-қазақстандықтар тарихының бір топтамаға жинақталғандығында болып табылады. Майдандағы ерліктермен қатар роликте батырлардың соғысқа дейінгі және жеңістен кейінгі өмірлері туралы қызықты деректер бар. Тап осындай жоба Қазақстанда тұңғыш рет іске асырылып отыр.
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған келесі бір туынды – жуықта Маңғыстау ауданының 85 жылдығы қарсаңында түсірілген деректі фильм. Осы өңірден майданға аттанған жауынгерлер туралы 2 бөлімді деректі фильм жақында ғана көрермендерге жол тартқанын айта кеткеніміз абзал.
Батыс жерінің Шебір ауылынан ауылдан майданға аттанған жауынгерлер туралы естеліктер және олардың артында қалған ұрпақтарының қолындағы деректері жинақталып, 2 бөлімді деректі фильм шығарылды. Фильмнің бірінші бөлімі майдангер жауынгерлерге арналған, екінші бөлімі майдангер ұрпақтарына және 70 жылдық мереке құрметіне Шебір ауылында өткізілген мерекелік шараларға арналған. Фильм журналист, жазушы жерлесіміз Қ.Демеубергеновтің қолдауымен «Атамұра» студиясында жазылды. Ауыл тұрғындары демеушілігімен фильм түсіруге 350 000 теңге жұмсалды. Фильм ауыл тұрғындарына көрсетіліп, көшірмесі таратылды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша түсірілген бұл фильм ауыл әкімдігіне тапсырылды.
Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ