Жаңалықтар

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Primeminister.kz 21.09.2023 15:30 1644

Зүлфия Сүлейменоваға жаңа лауазым берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған болатын.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтарда VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға