Жаңалықтар

"Зорлық-зомбылыққа үгіттейді". Айжан Байзақованың інісінің басы дауға қалды

"Зорлық-зомбылыққа үгіттейді". Айжан Байзақованың інісінің басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр 05.01.2024 15:15 864

Танымал блогер Айжан Байзақованың туған інісі Әлихан Байзақовтың бейнежазба түсірем деп басы дауға қалды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның әзілі желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырды. Әлихан өзінің Instagram парақшасына сүйіктісі үйлену ұсынысынан бас тартса, оны ұрып тастайтынын меңзеп, видео түсіріп, жүктеген. Осыдан кейін оны желі қолданушылары «зорлық-зомбылықты үгіттеп жатырсыз» деп айыптады.

Жұрттың ызасын келтірген бейнежазба Алматының танымал жаттығу залдарының бірінде түсірілген. Жаттығу залының өкілдері осыдан кейін-ақ, Әлихан Байзақовпен келісімшартты үзгенін жеткізді. Тіпті, аталған видеоны өшіруін талап еткен.

Біздің клиенттеріміз келісімшартқа сәйкес, әлеуметтік тәртіп ережелерін бірдей ұстану қажет. Әлихан Байзақов ережені ұстанбағандықтан енді сәйкесінше біздің залдарымызда жаттыға алмайды, - делінген жаттығу залының ресми хабарламада.

Алайда, блогер бейнежазбаны өшіруден бас тартыпты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға