Жаңалықтар

«Зорлады» деп өтірік арыз жазса не істеу керек? Заңгер жігіттерге кеңес берді

«Зорлады» деп өтірік арыз жазса не істеу керек? Заңгер жігіттерге кеңес берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.02.2024 18:00 1039

Марат Азамат есімді адвокат Tik-Tok парақшасында қоғамда белең алған арыз жазуға қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, қыздар жыныстық қатынасқа өз еркімен келісіп, кейін полицияға арыз жазып жатады.

Құрметті жігіттер қауымы. Соңғы кездері Алматы және Астана қалаларында мынадай жағдай жиілеп кетті. Жігіт қызбен танысып, екі жақ келісіп, жыныстық қатынасқа түседі. Ертесіне қыз барып, зорлады деп арыз жазады. Ақша бопсалайды. Осындай жағдайларда не істеу керек?Біріншіден, қызбен танысқаннан кейін әлеуметтік желіде жазысқан сөздеріңізді суретке түсіріп алыңыз. Өйткені, ол хаттарды болашақта өшіріп тастауы мүмкін. Одан кейін қызды үйге әкелмей, бейнебақылауы бар жерге барған жөн, - дейді ол.

Осы жазбалар арқылы бірге барып, бірге шыққандарыңызды көрсетіп, дәлелдей аласыз.

Егер енді ғана танысқан қыз жыныстық қатынас кезінже сізді ұрып-соғып жатса, сіздің үстіңізден арыз жазатынын бірден түсінуге болады. Сондай-ақ жыныстық қатынастан соң диктофонға оның өз еркімен келіскені туралы сөздерін жазып алуыңыз керек. Сондай-ақ, қонақүйден міндетті түрде бірге шығу керек. Сіз ұйықтап қалып, ол ертерек шығып кеткен жағдайда дәлелдей алмайсыз. Жыныстық қатынасты видеоға түсіруге заң жүзінде тыйым салынған, алайда, шықпас бұрын бірге суретке түсу керек. Бұл қыздың денесінде көгерулер мен жарақат болмағанын дәлелдеуге көмектеседі. Әдетте, полицияға арыз жазуға барғанда қыздарды бірден медициналық тексеруден өткізеді. Ал қыздар полицияға бармас бұрын денелеріне өздері жарақат салып, аяқ-қолын қысып, денесін соғады. Сондықтан, оның денесі сау болғанын дәлелдейтін фото керек, - дейді адвокат.

Айта кетейік,  Қостанайда әйелдің таксиде шу шығарып, жүргізуші зорлық көрсетіп жатыр деген видеосы тараған еді.

2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Қыздың полицияға жүгінуіне жанжал себеп болған. Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келген-мыс.

Алайда полицияның мәліметінше, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған. 

«Қол жүгіртті» деп құзырлы органға көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған қостанайлық тұрғын құқық бұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы 110 760 теңге.

@markizant.kz Жігіттерге ЛАЙФХАК Қазір өтірік арыз жазып ақша бопсалау көп сол үшін ондай қыздардың қармағына ілінбес үшін не істеу керек? #новости #кызылорда #алматы #астана #рек #новость #жаналыктар #рекомендации❤️ #markizant #юрист #адвокат #зан #закон #атырау #шымкент #тараз #костанай #караганда #жанакорган #шиелы #казалы #жалагаш #кармакшы #теренозек #талсуат #тасбугет #арал #байгекум #торетам #байканур ♬ оригинальный звук - MARKIZANT OFFICIAL

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға