Жаңалықтар

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Фото: Видеодан кадр 22.04.2024 21:10 368

Су тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Жылыой СУ" ЖШС - Құлсары және Аққиизтоғай объектілерінің су құбыры желілеріне (су басқан) дезинфекция жүргізді. 5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жүргізілді. 19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт объектілерінде, қаржы ұйымдарында, коммерциялық объектілерде және тағы басқа дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.

Эпизоотиялық жағдай: су басқан шағын аудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануарлары (иттер) тәркіленіп, жойылды.

Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағын аудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1.5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды.

Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға