Жаңалықтар

Жылыой ауданынан 28 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Жылыой ауданынан 28 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Фото: Атырау облысы ТЖД 08.04.2024 12:53 302

Жылыой ауданында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ТЖД мәліметінше, Жылыой ауданы Құлсары қаласында тұрғындарын эвакуациялау күшейтулі түрде жүзеге асырылуда. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын және олардың төрт түлік малын қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсетуде.

Аймақта 28 558 тұрғын, оның ішінде 6796 бала эвакуацияланып, қабылдау пунктеріне көшірілді.

Сонымен қатар елді мекендердің тұрғындарының қарамағындағы 10 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. Соның ішінде 3046 ірі қара мал, 5889 ұсақ мал, 1557 жылқы және 67 түйе.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға