Жаңалықтар

Жылдық дефляция тіркелген жалғыз ел аталды

Жылдық дефляция тіркелген жалғыз ел аталды
Фото: © Pixabay.com 10.05.2023 09:52 517

Наурызда жылдық дефляция тіркелген жалғыз ел Бахрейн болды. Таяу Шығыс еліндегі дефляция 0,1% құрады. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көктемнің басында 102 елде инфляция баяулады. Елеулі төмендеу болған елдер арасында Оңтүстік Судан (12,1 пайыздық тармаққа), Гана (7,8 пайыздық тармаққа), Ресей (7,5 пайыздық тармаққа), Беларусь (5,7 пайыздық тармаққа) және Зимбабве мен Түркия (4,7 пайыздық тармаққа) бар.

Сонымен қатар наурызда 34 елде бағаның өсу қарқыны артты, әсіресе Ливанда бұл көрсеткіш бірден 74,2 пайыздық тармаққа өсті. Бурунди (4,6 пайыздық тармаққа), Пәкістан (3,9 пайыздық тармаққа) және Эфиопияда да (2,2 пайыздық тармаққа) инфляция айтарлықтай өскен.

Бағаның өсу қарқыны көктемнің басында Моңғолия, Шығыс Тимор, Кения және Намибия секілді төрт елде өзгеріссіз қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға