Жаңалықтар

«Жылап отырмын». Еден жуушыны туған күнімен құттықтаған оқушылардың әрекеті көпшілікті елжіретті

«Жылап отырмын». Еден жуушыны туған күнімен құттықтаған оқушылардың әрекеті көпшілікті елжіретті
Фото: Видеодан кадр 21.02.2024 13:50 1555

Мектеп оқушылары еден жуатын әйелді туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектепте еден жуатын егде жастағы әйелді туған күнімен құттықтаған оқушылар мен олардың ұстазы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Еден жуатын апайымыз 60-қа толып, біз де алғыс айттық, - делінген видеоның жазбасында.

Видео миллионға жуық қаралым жинап, 3,5 мыңнан астам пікір қалдырылған.

Пікір білдірушілердің барлығы мұғалімнің тәрбиесіне ризашылығын білдіріп, көздеріне жас үйірілгенін жазып жатыр.

«Еркек басыммен жылап қала жаздадым, сондай сүп-сүйкімді видеоны ескертусіз жариялай салғандарың не?», «Нағыз мұғалім деген осындай болса керек-ті», «Көпшілік еден жуушыларды адам құрлы көрмейтін, бірақ мына балалар адам еңбегін бағалайды екен, құрметім шексіз», «Жылап отырмын», «Сыйлықтан гөрі құрмет маңызды», «Әлі жылап отырмын, нағыз бақыт, нағыз тәрбие осы. Балалар мен ұстазға мықты денсаулық және тек жақсылық тілеймін», - деп жазған адамдар.

@gulzhan_khasanovna

 

♬ TU TU HAI WAHI 2019 New - TSG MR⭐AL
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға