Жыл соңына дейін қандай салықтарды төлеп, есептерді тапсыру қажет?

Жыл соңына дейін қандай салықтарды төлеп, есептерді тапсыру қажет?
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Жыл соңына қарай қазақстандықтар салық есептілігін тапсырып, міндетті төлемдерді жүзеге асыруы тиіс. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың желтоқсан айындағы салық есептілігін ұсыну және төлемдерді төлеу мерзімдерін жариялады.

Салық есептілігін тапсыру мерзімдері

15 желтоқсанға дейін:

- 400.00 нысаны – 2026 жылдың қазан айына арналған акциз бойынша декларация.

21 желтоқсанға дейін:

  • 328.00 нысаны – 2026 жылдың қараша айында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

  • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебі (қараша айында уақытша өтеулі жер пайдалану шарты жасалған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау не өндіру лицензиясы алынған жағдайда);

  • 870.00 нысаны – 2026 жылға арналған қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы декларациясы (жылдық төлем көлемі 100 АЕК-тен аспайтын, қараша айында рұқсат құжатын алған I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін).

31 желтоқсанға дейін:

- 101.02 нысаны – 2026 жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есебін тапсырудың соңғы мерзімі.

Салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері

7 желтоқсанға дейін:

- Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар) қараша айында алған табыстары бойынша жеке табыс салығы (ЖТС).

15 желтоқсанға дейін:

- Интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі бойынша қараша айының ЖТС-ы. Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылы ЖТС мөлшерлемесі 0%-ды құрайды.

21 желтоқсанға дейін:

  • Қараша айы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі қосылған құн салығы (ҚҚС);

  • Акциз, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден импортталған тауарлар бойынша акциз;

  • Белгіленген талаптарға сәйкес келетін I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

24 желтоқсанға дейін:

Қараша айында төленген мынадай табыстар бойынша ЖТС:

  • Қазақстанда тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуынан түскен табыстар;

  • Қазақстанда салық төлеуші ретінде тіркелмеген бейрезидент заңды тұлға Қазақстанға жіберген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстары.

25 желтоқсанға дейін:

  • Желтоқсан айы бойынша корпоративтік табыс салығының (КТС) аванстық төлемдері;

  • Қараша айында резиденттерге төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС;

  • Салық агенттері төлем көзінен ұстайтын ЖТС, оның ішінде бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы құн өсімінен алған табыстары бойынша салық;

  • Бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын КТС, оның ішінде алдын ала төлемдер, тауар жеткізу, қызмет көрсету, жұмыс орындау, қаржылық қарыздар және құн өсімінен түскен табыстар бойынша салық;

  • Бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден, оның ішінде еңбек шарты бойынша алған табыстарынан ЖТС;

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі бойынша қараша айының ЖТС-ы (мөлшерлемесі – 0%);

  • Қараша айы бойынша әлеуметтік салық.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы:

  • Қараша айында уақытша өтеулі жер пайдалану шартын жасасқан, жер учаскесін кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін;

  • Қараша айында уақытша өтеулі жер пайдалану шартының мерзімі аяқталған немесе шарт бұзылған жағдайда.

Сонымен қатар, 25 желтоқсанға дейін желтоқсан айы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы және қараша айы бойынша бірыңғай төлем төленуі тиіс.

Әлеуметтік төлемдер

25 желтоқсанға дейін қараша айы бойынша мынадай әлеуметтік төлемдерді аудару қажет:

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);

  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);

  • Әлеуметтік аударымдар;

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша аударымдар мен жарналар.

Мемлекеттік кірістер департаменті техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуінің алдын алу үшін салық төлеушілерге есептілікті тапсыруды және міндетті төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз