Жаңалықтар

Жыл соңына дейін еліміздегі барлық өткізу пункттері қайта жаңартылады

Жыл соңына дейін еліміздегі барлық өткізу пункттері қайта жаңартылады
Фото: t.me/ortcom_kz 25.06.2024 16:39 290

2024 жылдың соңында барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні «Б. Қонысбаев» өткізу пункті қайта жаңартудан кейін тәулігіне 1000-нан астам көлік құралын өткізеді. Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу пункттерінің өткізу қабілеті «Б. Қонысбаев» к/б ұқсас болады және әрбір бекет арқылы тәулігіне 1000-нан астам көлік құралы өтеді, - деді Елдос Саудабаев.

Оның айтуынша, өту уақытын 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтқанда өткізу қабілеті 8 есеге ұлғаяды.

Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр, - деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға